Германия Түркияның ұсынысына қолдауын қайталады

Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен мәлімдеме жасады.

450370
Германия Түркияның ұсынысына қолдауын қайталады

Германия Қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен Түркия-Сирия шекарасында ұшуға тыйым салынған аймақ құру ықтималының күн тәртібінде екенін атап айтты.

Неміс “Der Spiegel" журналына сұхбат берген Христиан демократия партиялық (CDU) Қорғаныс министрі «Келешекте гуманитарлық коридордан тұратын бір модельден де басқасын ойлаймыз. Алайда бұл сценарийді жүзеге асыру үшін АҚШ-тан Ресейге, Сириядан Түркияға аймаққа араласқан барлық күштердің қолдауы керек. Қазір алдынғы нысанамыз жәрдем пакеттерін халыққа жеткізу үшін гуманитарлық коридордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деді.

Германия канцлері Ангела Меркель де өткен ай жасаған мәлімдемесінде босқындардың қауіпсіздігі үшін Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ құру пікіріне қолдау бергенін айтқан болатын.

Түркия болса ұзақ уақыттан бері Сирияның солтүстігінде қауіпсіз бір аймақ құруды талап етуде.



Ұқсас жаңалықтар