Әлем басшылары опасыз шабуылды лағынеттеді

Анкарадағы опасыз шабуылға бүкіләлем наразылық көрсетті.

450102
Әлем басшылары опасыз шабуылды лағынеттеді

Еуропа кеңесі Бас хатшысы Турбьерн Ягланд Анкарадағы опасыз шабуылдың Еуропаның құндылықтарына жасалғанын мәлімдеді.

"Ягланд бұл шабуыл баршамызға жасалды" деп шабуылды айыптады.

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса Анкарадағы террор шабуылында қаза тапқандар үшін президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Алиев көңіл айту хатында "Опасыз шабуыл себепті сізге, қаза тапқандардың жанұяларына және бауырлас түрік халқына Әзірбайжан атынан көңіл атамын. Жаралыларға Алладан шипа тілеймін" делінді.

Шабуылға Ресейден де айыптау келді.

Кремл мәлімдемешісі Дмитрий Песков "Путин Анкарадағы шабуылды қатаң түрде айыптайды. Түрік халқымен бірге аза тұтады" деді.

Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкевисус ресми твиттер парақшасынан "Анкарада тағы қанды бір шабуыл жасалды. Түркия қайтадан террор бәлесімен бетпе-бет. Одақтасымызбен біргеміз" деді.

Ұлыбританияның Анкара өкілетті және төтенше елшісі Ричард Мур шабуылда жақындарынан айырылғандарға көңіл айтты.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби Анкарадағы шабуылды айыптады және террормен күрес ынтымақтастығын тағы бір рет қайталады.

Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясатына жауапты жоғары өкілі Федерика Могерини және Еурокомиссияның дамуына жауапты мүшесі Джонс Хахн жариялағандары ортақ мәлімдемеде «Жаһандық террор қаупімен күрес үшін халықаралық ынтымақтастықты жылдамдатуға тиістіміз» делінді.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг болса террормен күресте ынтымақтастық жолдамасы жасады.

Франция, Испания, Италия және Грекиядан да террор шабуылдарымен байланысты айыптаулар келді.

Косово премьер-министрі Иса Мұстафа Давутоғлуна көңіл айтып, қолдау беруге дайын екендерін білдірді.

Сауд Арабиясы королі Селман ибн-Абдүлазиз президентке жолдаған көңіл айту хатында шабуылды қатаң түрде айыптағанын және қабылданбайтынын атап көрсетті.

Пәкістан, Катар, Кувейт, Иран және Иордания да Анкарадағы шабуылды айыптаған елдер қатарында орын алды.

Израиль премьер-министрі Нетаньяху болса Анкарадағы террор шабуылын айыптап, халықаралық қоғамға террорға қарсы бірігу шақыруы тастады.



Ұқсас жаңалықтар