Ливиядан шегіне бастаған террористтер Туниске қарай жылжуда

Ливия шекарасындағы қақтығыстарда 21 террорист өлтірілді.

446030
Ливиядан шегіне бастаған террористтер Туниске қарай жылжуда

Ливияда соңғы апталардағы операцияларда елден шегіне бастаған ДАИШ террор ұйымы террористтері Туниске қарай жылжи бастады.

Тунистің Ливия шекарасындағы Бен-Гуердан ауданына ДАИШ жасаған шабуылдың артынан шыққан қақтығыста 3 қауіпсіздік қызметкері мен 3 жазықсыз адам қаза тапты.

Тойтарыс берілген шабуылда 21 террорист өлтірілді.

Қақтығыс аймағында көптеген жаралы бар екені білдірілді.

Тунистің террористтердің елге кіруін тоқтату үшін Ливия шекарасына 200 шақырымдық қашықтығына барьер салуына қарамастан террористтердің шекарадан өту талпыныстары жалғасуда.

Ливияның Тунис шекарасы маңындағы Сабрата қаласында өткен ай ДАИШ қорғандарына АҚШ соғыс ұшақтары жасаған шабуылда 50-ге жуық террорист өлтірілген болатын.

Қаза тапқан террористтер арасында Тунисте жаз маусымында 50 турист өлтірілген екі лаңкестік шабуылды жоспарлаушы Нуреттин ЧуЧеннің де бар екені алға тартылады.



Ұқсас жаңалықтар