Германия Мароккомен келісті

Германия марокколық босқындарды елдеріне қайтару үшін Мароккомен келісті.

442305
Германия Мароккомен келісті

Германия сириялық екендерін айтқан марокколық босқындарды елдеріне қайтару үшін Мароккомен келісті.

Солтүстік Африка сапары барысында Марокконың бас қаласы Рабатта жүрген Германия Ішкі істер министрі Томас де Мезьер әріптесі Мұхаммед Хассадпен бас қосты.

Кездесуде Германиядағы марокколық босқындардың мәселесі қолға алынды.

Германия Ішкі істер министрі Мезьер кездесуден кейін «Марокколық әріптестеріммен 2015 жылы Сириялық екендерін айтып Германияға келген Марокко азаматтарының қайтарылуы үшін келістік» деді.

Екі ел арасында қауіпсіздік ынтымақтастығы келісі де дайындалып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар