Польшаның бұрынғы президенті тыңшылықпен айыпталуда

Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса жақтаушылары шеруге шықты.

441310
Польшаның бұрынғы президенті тыңшылықпен айыпталуда

Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса «тыңшылықпен» айыпталуда. Мыңдаған Валенса жақтаушысы Гданьск кеме өңдеу жайында шеруге шықты.

Шеруге қатысқан мыңдаған адам коммунистік кезеңде барлау үйымымен ынтымақтастық жасағаны алға тартылған бұрынғы басшылары Валенсаға қолдау берді.

Валенса жақтаушылары Польшадағы діншіл билікті Валенсаның демократиялық мұрасын ластауға тырысумен айыптады.

35 жыл бұрын Гданьскта Лех Валенса басшылығында басталған жұмысшы көтерілісі Польшадағы коммунистік режимді жойған болатын.

Қазір болса Валенсаның коммунистік кезеңде барлау ұйымымен ынтымақтастық жасағаны алға тартылады.

Ресми органдар қауесеттермен байланысты құжаттар өткен апта қоғаммен бөлісті.

72 жасар Валенса болса сотталудан қашпағанын білдірді.

1983 жылы Нобель Бейбітшілік сыйлығы табыс етілген Валенса 1990-1995 жылдар арасында Польшаның президенттік міндетін атқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар