Ұлыбританияның елшілігі консулдық қызметтерін бастады

Бұл туралы Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA хабарлады.

438649
Ұлыбританияның  елшілігі консулдық қызметтерін бастады

Ұлыбританияның Тегерандағы өкілетті елшілігі консулдық қызметтерін бастады.

Бұл туралы Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA хабарлады. Хабарға қарағанда Ұлыбританияның Тегерандағы өкілетті елшілігінің консулдық бөлімі виза бере бастады.

Ядролық келіссөздер келісіммен аяқталғаннан кейін екі ел арасындағы қатынастар жандана бастады. 2015 жылдың тамыз айында осы елдердің өкілетті елшіліктері бірдей уақытта қайта ашылды.

Тегеранда бір топ шабуылдаушының шабуылынан кейін Ұлыбритания 2011 жылы елшілігін жапқан болатын.

Иранның Лондондағы елшілігі де жабылып, дипломаттар елден кеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар