Босқындар үшін референдум

Түркияның Сириямен шекаралас Килис қаласы 117 мың сириялық азаматты қонақ қылып отырса, Венгрия 827 босқын үшін референдум өткізеді.

439083
Босқындар үшін референдум

Түркияның Сириямен шекаралас Килис қаласы 117 мың сириялық азаматты қонақ қылып отырса, Венгрия 827 босқын үшін референдум өткізеді.

Премьер-министр Виктор Орбан Еуропа Одағының босқындарды мүше елдер арасында бөлуге бағытталған квотаны референдумға салуға шешім берді.

Референдумда халыққа «Мәжілістің мақұлдауынсыз Еуропа Одағының венгр азаматы емес азаматтарды Венгрияда тұруына шешім беруін қалайсыз ба?» деген сұрақ сұралады.

Референдумда «жоқ» деген дауыс қолданғандардың Венгрияның тәуелсіздігін қолдайтынын алға тартқан Орбан одақтың басқа мүшелеріне осы әдісті кеңес қылды.

Премьер-министр квотаның Венгрия мен Еуропаның этникалық, мәдени және діни көрінісін қайтадан пішіндендіретінін алға тартты.

«Венгрия үкіметінің ойынша Еуропаның ешбір органының шешім беруге хақы жоқ. Қазірге дейін еуропалықтардан мәжбүр квотаны қалайсыңдар ма деп сұраған емес. Азаматтардан сұрамай, осындай шешім қабылдауға болмайды» деді ол.

Еуропа Одағының 160 мың босқынды мүше елдер арасында бөлістіру жоспарында Венгрияға тек 827 босқын түсіп тұр.



Ұқсас жаңалықтар