Католиктер мен православтар кездеседі

Папа Франциско мен орыс православ шіркеуі патриархы Кирилл Кубада ертең кездеседі.

430694
Католиктер мен православтар кездеседі

Католик шіркеуінің рухани басшысы Папа Франциско мен орыс православ шіркеуі патриархы Кирилл Кубада ертең кездеседі.

Папа Франциско 12-18 ақпан күндеріндегі Мексика сапары қарсаңында Патриарх Кирилл сапарға барған Кубада аялдайды.

Екі басшының кездесуі ертең Гаванадағы әуежайда болады.

Екі сағаттық кездесуден кейін папа мен патриархтың ортақ декларацияға қол қоюы жоспарланып отыр.

Жер бетінде шамамен 1 миллиард 200 миллион католиктің рухани басшысы Папа Франциско мен 200 миллионнан астам православтың рухани басшысы Патриарх Кириллдің кездесуі католик және православ шіркеулері арасындағы жақындасу тұрғысынан тарихи маңызға ие.



Ұқсас жаңалықтар