Наваз Шериф университет шабуылы тақырыбында мәлімдеме жасады

Пәкістанда өткен апта сәрсенбі күні жасалған университет шабуылы елдің күн тәртібінде.

424584
Наваз Шериф университет шабуылы тақырыбында мәлімдеме жасады
Қауіпсіздік шаралары аясында уәлаяттағы оқытушыларға қару лицензиясы беру жоспарланады.
Шабуылға ұшыраған Чарсададағы Бача Хан Университеті бүгін тығыз қауіпсіздік шаралары аясында қайтадан оқуын бастады.
Премьер-министр Наваз Шериф болса шабуылдың Ауғанстанда жеке қозғалған қарулы топ тарапынан жасалғанын мәлімдеді.
Наваз Шериф бұл мәлімдемесімен шабуыл жайлы Ауғанстан немесе Үндістан барлау ұйымдарының жасағаны жайлы қауесеттерді де теріске шығарды.
Пәкістанда өткен апта жасалған университет шабуылында 21 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алған болатын.
Шабуылды Пәкістан Талибанына қарасты Гидар тобы мойындаған болатын.


Ұқсас жаңалықтар