Жапонияның жер серігі «Ryugu» астероидіне қарай бағыт алды

Жапонияның «Ryugu» астероидін зерттеу үшін жіберген «Hayabusa-2» атты жер серігі бағытын өзгертті.

410121
Жапонияның жер серігі «Ryugu» астероидіне қарай бағыт алды

Жапон Ғарыш агенттігі (JAXA), «Hayabusa-2»-дің жоспарланған бағытқа орналасу үшін жасаған қозғалысының табыспен аяқталғанын жариялады.
«Hayabusa-2» ғарыш көлігінің Дүние мен Марс арасындағы орбитадағы «Ryugu» астероидіне 2018 жылы маусым айында немесе шілде айында қонуы жоспарланады.
18 ай бойы астероидті зерттейтін «Hayabusa-2» астероидтен жартас үлгілері жинап, 2020 жылы Дүниеге қайта оралады.
Зерттеушілер астероидтің су мен органикалық материалдарға ие екенін ойлауда.
Жапон ғарыш агенттігі шамамен 600 кг. салмақтағы «Hayabusa-2» ғарыш көлігі жинайтын ақпараттың Дүние мен теңіз суының пайда болуы тақырыбында көптеген сұраққа жауап табатынын үміт етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар