Террорға қарсы 34 мұсылман мемлекет коалиция құрды

Сауд Арабиясының ресми хабар агенттігі «SPA» коалицияның ортақ жазбаша мәлімдемесін жариялады.

362684
Террорға қарсы 34 мұсылман мемлекет коалиция құрды

Сауд Арабиясының ресми хабар агенттігі «SPA» жариялаған ортақ жазбаша мәлімдемеде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының террор және қарулы лаңкестік топтармен күрес және нысаналарына қоса, осы себептерді ортадан жою тақырыбындағы келіссөз баптарынан бастап араларында Түркияда бар 34 мұсылман мемлекеттің коалиция құрғаны атап көрсетілді.
Ортақ баспасөз мәлімдемесінде коалицияға қосылған елдер былай:
Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Бахрейн, Бангладеш, Бенин, Түркия, Чад, Того, Тунис, Джибути, Сенегал, Судан, Сиралийон, Сомали, Габон, Гвиана, Палестина, Коморлар Федерал Ислам мемлекеті, Катар, Код-д’Ивуар, Кувейт, Ливан, Ливия, Мальдивтер, Мали, Малайзия, Мысыр, Марокко, Мавритания, Нигер, Нигерия және Йемен.
Коалицияның құрылымы, діни қауымдық және атауы қандай болса да жер жүзінде бөлшектеушілік жасап мұсылмандар арасында бұзақылыққа себеп болған, адамдарды қорқытқан және өлтірген қарулы террор ұйымдарына қарсы құрылғаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде террормен күресте қажетті бағдарлама мен механизмдерді жетілдіру, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін террормен күрес тақырыбында тиісті елдермен координация үшін қажет реттеулер жасау тақырыбына назар аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар