АҚШ-тың операция мәлімдемешісі Бағдатта мәлімдеме жасады

Қазірге дейін ДАИШ-ке қарсы Ирак және Сирия операциялары аясында 23 мың қарулы террорист өлтірілді.

357332
АҚШ-тың операция мәлімдемешісі Бағдатта мәлімдеме жасады

АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің 2014 жылдың тамыз айынан бері террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған Ирак және Сирия операциялары аясында 23 мың қарулы террорист өлтірілді.
Операция мәлімдемешісі американдық полковник Стив Варрен Ирактың бас қаласы Бағдаттағы АҚШ Өкілетті елшілігінде баспасөзге жасаған мәлімдемеде халықаралық коалицияның операциялар Иракқа 5 мың, Сирияға 3 мың 500 барлығы 8 мың 500 әуе шабуылы ұйымдастырғанын, бұл шабуылдарда ұйымға қарасты 23 мың қарулы террористтің өлтірілгенін атап көрсетті.
Коалиция күштерінің болжамына қарағанда Ирак пен Сирияда ДАИШ-ке мүше 20 мен 30 мың террорист бар екенін атап көрсеткен Варрен «Екі апта бұрын басталған ‘2-ші ауыр соққы’ атты әуе операцияларымен коалиция күштері ұйымға тиесілі 400 мұнай танкері атқылады» деді.
Полковник Варрен сондай-ақ «Түркияның ДАИШ-ке қолдау бергені» жөніндегі қауесеттермен байланысты «Түркия коалиция ортағымыз. Түркия ДАИШ-ті жеңу және жою үшін қолдау береді» деді.
Басқа жағынан террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған әуе операциялары ағылшын саясатының №1 күн тәртібі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар