Иранда жер сілкінісі

Иранның Месджид-и Сүлейман қаласы 5,3 балл күшінде сілкінді.

422594
Иранда жер сілкінісі

Иранның оңтүстік батысындағы Хузистан уәлаятына қарасты Месджид-и Сүлейман қаласында 5,3 балл күшінде жер сілкінісі болды.
Тегеран Университеті геофизика институты сейсмикалық зерттеу орталығы жергілікті уақытпен сағат 00.47-де болған жер сілкінісінің жер қабатының 12 шақырым астында тіркелгенін жариялады.
Орталық Месджид-и Сүлейман қаласына 22 шақырым қашықтықтағы аймақтағы жер сілкінісінің жан мен мүлік шығынына себеп болып болмағаны жөнінде мағлұмат бермеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар