Құлатылған ұшақ мәселесінде АҚШ-тан қолдау келді

АҚШ Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктері мәлімдеме жасады.

368534
Құлатылған ұшақ мәселесінде АҚШ-тан қолдау келді

Сирия шекарасында әуе кеңістігін бұзғаны үшін құлатылған соғыс ұшағымен байланысты АҚШ-тан Түркияға қолдаулар жалғасуда.
Әрі Сыртқы істер министрлігі, әрі Қорғаныс министрлігі мәлімдемелерімен Түркияның өзін қорғау құқы бар екенін атап көрсетті.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Марк Тонер АҚШ президенті Барак Обаманың Түркияның өзін қорғау құқы бар екенін айтқанын еске салып, «НАТО одақтасы Түркияны қолдаймыз» деді.
Марк ТонерРесейдің Түркия шекарасына өте жақын бір аймақта сириялық оппозиционерлерді нысанаға алғанын атап, Ресейдің шекарадағы операцияларының мұндай нәтижелерге жол аша алатынын атап айтты.
Тонер екі ел арасындағы қызуды азайту керектігіне де назар аударды.
Түркияның өзін қорғау құқы бар екені жайлы бір мәлімдемеде АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагоннан келді.
Түркияның НАТО одақтасы екенін атап көрсеткен мәлімдемеші Петер Куук аталмыш әуе кеңістігінің сондай-ақ НАТО-ның әуе кеңістігі екенін де тілге тиек етті.
Куук Түркияның мұның алдында ұқсас шекара бұзушылық уайымдарының Вашингтон әкімшілігін де алаңдатқанын еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар