Малайзия "ASEAN" саммитіне қонақжайлық жасады

Куала Лумпурда өткен 27-ші Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы саммитіне Барак Обама да қатысты.

367748
Малайзия "ASEAN" саммитіне қонақжайлық жасады

Малайзияның бас қаласы Куала Лумпурда ұйымдастырылған ASEAN саммитінде басшылардың күн тәртібінде халықаралық террор, адам саудасы және Оңтүстік Қытай теңізіндегі дағдарыс орын алды.
АҚШ пен ASEAN елдері ортақ жариялаған декларацияда Оңтүстік Қытай теңізінде кемелердің саяхаттау пен ұшу еркіндігі болу керектігін атап көрсетті.
Саммитте Оңтүстік Қытай теңізіндегі қақтығыстардың қорқыту немесе күш қолданысы болмай шешу керектігіне назар аударды.
Малайзия премьер-министрі Неджип Резак саммиттің ашылу рәсімінде ДАИШ-пен күреске назар аударды.
Резак ДАИШ-ке қарсы күресте елінің қолдау беруге дайын екенін және ДАИШ сияқты ұйымдардың бейбіт және әділет діні ретінде Исламды жаман көрсеткенін атап айтты.
ASEAN саммитіне АҚШ президенті Барак Обама да қатысты.
Саммитте сөз алған Обама Малидегі шабуылға назар аударып, террордың барлық ұлттарға қауіп төндіргенін атап көрсетті.
Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясына (ASEAN) мүше 10 елдің басшылары тарапынан қабылданған шешіммен одаққа мүше ел министрлері халықаралық заңдар аясында адам саудасына бағытталған аймақтық бір заң жобасы дайындайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар