Бельгияда қауіпсіздік күштері 2 күдіктінің ізіне түсті

Белгияның бас қаласы Брюссельде террор қаупі ескертулері қалада тіршілікті тоқтатты

420542
Бельгияда қауіпсіздік күштері 2 күдіктінің ізіне түсті

Көп адам аралайтын танымал Гранд Палас алаңында ешкім қалмаған, қарулы әскерлер мен полиция қызметкерлері қаланың жан-жағында күзетте.
Брюссель қала әкімі Йван Майеур қала орталығындағы бар мен мейрамханалардың жергілікті уақытпен 18:00-де жабылуын ұсынды. Полиция бар мен мейрамханаларды аралап, осы ұсыныс жайлы мәлімет берді. Ескертуге көптеген кафе, бар және мейрамхананың бағынғаны, кеш уақытқа дейін дүкендерін ашқандардың болса клиент таппағаны байқалды.
Шамамен 1 миллион тұрғын саны бар Брюссель Еуроодақ пен НАТО орталығы болып табылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар