Франция ДАИШ жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды

ДАИШ-пен күресте бірігіп қозғалуды сұрайды.

367434
Франция ДАИШ жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды

Франция ДАИШ жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды.


Жобала террор ұйымының Анкара, Париж, Тунис және Бейруттағы лаңкестіктері мен орыс ұшағын құлатуы айыпталып, мүше елдерден ДАИШ-пен күресті арттыруы және үйлесімді қозғалулары сұралды.


Жобада Тунис, Түркия, Ресей, Ливан, Франция сынды ДАИШ террорынан зардап шеккен бүкіл елдердің үкіметтері мен халықтарына көңіл айтылды. Мүмкіндік пен әлеуеті жеткілікті мүше елдерден Сирия мен Иракта ДАИШ-пен күрестегі күш-қуаттарын арттырулары және үйлесімді қозғалулары сұралды.


Сонымен бірге күреске қосылған мүшелерден Ирак пен Сирияда ДАИш нысандарын жоюлары, БҰҰ-ға мүше барлық елдерден шетелдік террористтердің аймаққа жетуіне және террор ұйымына қаржы қамдалуына кедергі болуы талап етілді.


Франция жобасының қашар дауысқа салынатыны белгісіз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешім жобалары Кеңеске ұсынылғаннан 24 сағаттан кейін де дауысқа салынады.


Сирияда операция жүргізген Ресей де алдыңғы күні Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне шешім жобасын таратып, Сирияны да қосқанда ДАИШ-пен күрескен елдердің үйлесімді қозғалуын сұраған болатын.
Батыстық елдер болса Ресейдің Асадпен ынтымақтастық деген мағынаға келетін осы жобасына салқын қарап отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар