Еуропада сириялықтар саны артты

Сириялықтар саны соңғы бір жылда 5 есе артты.

417706
Еуропада сириялықтар саны артты

Еуропада өмір сүретін сириялықтардың саны соңғы бір жылда 5 есе артты.


БҰҰ Босқындар жоғары комиссариатының деректеріне қарағанда Еуропада тұратын Сирия азаматтары саны өткен жылға қарағанда шамамен 5 есе артты.


Өткен жылы 137 мың 947 Сирия азаматы тұратын Еуропада биыл осы көрсеткіш 681 мың 713- ке жетті.


Еуропада сириялықтар ең көп Сербияда. Сербияда барлығы 205 мың сириялық азамат бар.


Сириялықтар көп тұратын екінші ел Германия болса 153 мың 655 адамды қонақ қылып отыр. Швецияда 93 мың 268, Венгрияда болса 71 мың 845, Австрияда 27 мың 379, Голландияда 22 мың 159 сириялық бар.


Латвияда 89, Эстонияда 42 және Литвада 29 сириялық азамат өмір сүреді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар