Парижде қаза тапқан адам саны 132-ге жетті

Президент Оллланд оппозиция лидерлерімен кездесті.

366297
Парижде қаза тапқан адам саны 132-ге жетті

Францияның астанасы Парижде 13 Қарашада ұйымдастырылған лаңкестік шабуылда жарақат алған 300 адамның үшеуі тағы қайтыс болды. Осылайша шабуылда қаза тапқан адам саны 132-ге жетті.
Франция Президенті Франсуа Олланд астана Парижді қанға бояған шабуылдан кейін Республикашыл партиясы лидері және бұрынға Президент Николас Саркози, Ұшқары оңшыл ұлттық шебі лидері Марин Ле Пен және Радикал солшыл одағы партиясы лидері Жан-Лок Маленчонмен кездесіп, оларға мағлұмат берді.
Кездесулерде оппозиция партиясы лидерлері «Үкіметтің террормен күресуді тіпті бекімді болуын және қатал шаралар қолдануын» талап етті.

Франсуа Олланд бүгін мәжіліс және сенат мүшелерімен бас қосып, террормен күресу стратегиясын түсіндіреді.
Париж полициясы болса шабуылшылардың біреуінің 29 жасындағы Өмер Исмаил Мұстафа екенін білдірді.
Алжир текті Франция азаматы Мұстафаның куәлігі анықтаған кезде полиция террористтің отбасы өмір сүрген үйлерге басып кіріп, 6 адамды бақылау астына алды.
Шабуылда қолданылған екі көліктің Бельгия нөмірі екенін анықталған соң операциялар осы елге де кеңейтілді.
Екі ел Ішкі істер министрлері бас қосып, оқиғаларды қолға алды.
Бельгия Ішкі істер министрі кең көлімді ынтымақтастық жасайтындарын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар