Парижде Сыртқы істер министрлері жиналды

Парижде министрлер деңгейінде дайындық жиналысы өтуде.

364978
Парижде Сыртқы істер министрлері жиналды

Францияның астанасы Парижде 30 қараша күні басталатын Біріккен Ұлттар Ұйымы климат конференциясы COP21 қарсаңында министрлер деңгейінде дайындық жиналысы өтуде.
Франция Сыртқы істер министрлігінде өткізілген жиналысқа 60-сы министр деңгейінде 76 елдің өкілі қатысты.
Жиналысқа Түркия атынан Қоршаған орта және қала басқару министрі Идрис Гүллүже қатысты. Жиналыстың ашылу баяндамасын Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус және бұның алдындағы жиналысқа үй иелігін жасаған Перу Қоршаған орта министрі Мануел Видал жасады.
Конференцияның нақтылы бір шешімге баруының маңызына тоқталған Фабиус министрлер жиналысының осы нәтижеге үлес қосатынын атап өтті.
Перу Қоршаған орта министрі Видал болса қаңқа келісім мәтін үстінде барлық тараптардың ымыраға барғанын айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей Президенті Владимир Путин 30 қараша-11 желтоқсан күндері аралығында Парижде ұйымдастырылатын COP21 конференциясында кездеседі.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар