Ариани қайтыс болды

Ариани президент Хадинің маңызды ақылшыларының бірі болатын.

413846
Ариани қайтыс болды

Йемен президенті Абдураббу Мансур Хадинің саяси кеңесшілігін атқарған, елдің бұрынғы премьер-министрі Абдулкерим әл Ариани қайтыс болды.


Арианидің жақындары берген мағлұматқа қарағанда, бұдан бұрын науқасына байланысты Германияның Франкфурт қаласында емделген Ариани осындағы отадан кейін дүниеге көз жұмды.


Йеменнің екінші президенті болған Абдурахман әл Арианидің жиені Абдулкерим әл Ариани 1935 жылы Ибб уәлаятында дүниеге келді.


Үкімет басшылығымен қоса сыртқы істер министрлігі және кеңесшілік сынды көптеген міндет атқарған Ариани президент Хадинің маңызды ақылшыларының бірі болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар