Гонконгта паром апаты

Гонконгтағы паром аратында 124 адам жарақат алды.

400921
Гонконгта паром апаты

Гонконгта Лантау аралы маңында паромның су астындағы обьектімен соқтығуы салдарынан кем дегенде 124 адам жапа шекті. Жергілікті БАҚ ақпаратының мәліметтеріне қарағанда бес адамның жағдайы ауыр.
Макаодан Гонконгке аттанған паром 163 жолаушыны тасымалдаған. Оның бортында сонымен қатар, 11 экипаж мүшесі болған.
Оқиға орнына қайықтар жіберілді. Ал Гонконг пирсіне жедел жәрдем көліктері келіп, жапа шеккендерді ауруханаға алып кетті.
Апаттың себебі тексерілуде.
Паромның Қытайдың оңтүстігіндегі Гонконг пен Қытайға қарасты Макао ерекше басқармасы арасында сапар шеккені және апаттың осы жол бағытында болғанын, сондай-ақ екі жыл ішінде болған төртінші апат екені жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар