ЕО-ға сын

Грекия премьер-министрі Түркия тақырыбында шағымын жеткізді.

400603
ЕО-ға сын

Бельгияның бас қаласы Брюссельде жексенбі күні өткен босқындар жөніндегі жиналысқа Түркияның шақырылмауы Еуропа одағы құрамында сындарға себеп болды.
Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас ЕО комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкерге жиналысқа Түркияның шақырылмауына байланысты шағымын жеткізді.
Грек премьер-министрі Түркия секілді маңызды жерде және Еуропа одағымен тікелей келіссөз үстіндегі бір елдің жиналыста орын алмауының қате екенін білдірді. Испания баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда Ципрас: «Босқындар келіп жатқан дәліздің бас жағындағы елдің Түркия екенін барлығымыз білеміз. Осындағы елмен келісе алмасақ, дағдарысқа шешім табу қиын болады» деді.
Брюссельдегі жиналысқа қатысқан Еуропа одағына мүше 11 ел мен Балқан елдері босқындардың маршруты бойында 100 мың адамдық лагерьлер құрылуына шешім берген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар