Орыс соғыс ұшақтары жазықсыз тұрғындарды бомбалады

Сирия бір жақтан Ресейдің, бір жақтан Асад күштерінің бомбалауында.

392393
Орыс соғыс ұшақтары жазықсыз тұрғындарды бомбалады

Орыс армиясына тиесілі соғыс ұшақтарының Халепте оппозицияның бақылауындағы Дарет Иззе және Хаян ауданы мен Идлибтің ауылдық тұрғын аймақтарына бағытталған шабуылдарда 8 адам қаза тапты.
Бомбалау себепті көптеген адам қираған ғимараттардың үйінділері астында қалды.
Өмір қауіпсіздігін сақтау қызметкерлері бомбаланған аймақтардың жазықсыз адамдардың тұрғын аймағы екенін, террор ұйымы ДАИШ мүшелері жоқ екенін жариялады.
Асад күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар болса бас қала Дамасктың Айн-Терма аймағын нысанаға алды.
Шабуылда тұрғын аймақтары бомбаланды, көптеген адам жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар