"Ресей жаңа өндірген барлық қаруларын Сирияда сынақтан өткізуде"

Сирия Түрікмен Мәжілісі мүшесі Саадеттин Молла шабуылдар жайлы мәлімдеме жасады.

353047
"Ресей жаңа өндірген барлық қаруларын Сирияда сынақтан өткізуде"

Сирияда Ресей әуе күштеріне тиесілі ұшақ пен тікұшақтардың Лазкийе ауылдық аймағындағы Джебел Экрад аймағына жасаған әуе шабуылында 6 түрікмен қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.
Сирия Түрікмен Мәжілісі мүшесі Саадеттин Молла оппозицияның бақылауындағы Джебел Экрад аймағының орыс күштері тарапынан тығыз бомбаланғанын атап көрсетті.
Аймақтың әуеден, құрлықтан, тіпті ұзақ атымды зымырандармен теңізден бомбаланғанын атап көрсеткен Молла зымырандар арасында моншақ бомбалары да бар екенін білдірді.
Көптеген жаралы бар екенін және осылардың кейбіреулерінің Түркияға жіберілгенін атап айтқан Молла «Осындағы жағдай өте маңызды деңгейде» деді.
Молла екі жерде қарқынды қақтығыстар болып жатқанын атап, «Ресей жаңа өндірген барлық қаруларды Сирияда сынақтан өткізуде. Оппозиционерлер болса аймақтарын қорғау үшін үлкен күрес жүргізуде» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар