Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Эшреф әл-Кудра шабуылда жүкті бір әйелдің қаза тапқанын білдірді.

352642
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль армиясына тиесілі жойғыш ұшақтардың Газаның Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасына тиесілі нысаналар мен эз-Зейтун аумағындағы бір үйге әуе шабуылы ұйымдастырды.
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Эшреф әл-Кудра Израиль жойғыш ұшақтары тарапынан жасалған шабуылда жүкті бір әйелдің қаза тапқанын, 3 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.
Куәгерлер болса Израиль ұшақтарының Газа секторы үстінде жиі ұшқанын білдірді.
Басқа жағынан Израиль премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың ұйымдастырылған шерулерге қарсылық беру мақсатты Иерусалимге одан көп әскер жіберуге тапсырма бергені атап көрсетілді. Сондай-ақ Израиль тарапынан Бейт Ханун шекара қақпасы да жабылды.
Еврей тұрғындардың тамыз айының басында Наблуста Девабише отбасының үйін өртеуімен басталған және Акса мешітіне бағытталған шабуылдарымен жалғасқан бұзушылық себепті Батыс Шерия, Иерусалим және Газзе секторында Израиль әскерімен палестиналықтар арасындағы дағдарыс жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар