АҚШ-та қарулы шабуыл

Студент оқиғадан кейін полицияға берілді.

390968
АҚШ-та қарулы шабуыл

Америка Құрама Штаттарының Техас және Аризона штаттарындағы екі университеттегі қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты, 4 адам жараланды.


Аризонадағы оқиғада 18 жасар студент 4 жолдасына оқ жаудырды. Студенттердің бірі қаза тапты, қалғандары жараланды.


Студент оқиғадан кейін полицияға берілді.


Техастағы оқиғада шабуылға ұшыраған екі адамның бірі қаза тапты. Екіншісі ауыр жарақат алды.


Полиция екі күдіктіні ұстады.


Оқиғалар Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обаманың өткен аптадағы шабуылда қаза болған 9 адамның отбасыларымен кездесуге баруына бірнеше сағат қалғанда болды.


Обама аталмыш шабуылдан кейін елде қару қолданудың заңдар арқылы шектелуі керектігін айтқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар