Израиль ұшақтары Газа секторын бомбалады

Израиль армиясы шабуылдың Иззеддин эл-Кассам бригадасын нысанаға алғанын мәлімдеді.

349593
Израиль ұшақтары Газа секторын бомбалады

Израиль армиясына тиесілі бір жойғыш ұшақ Газада Хамастың қарулы тармағы Иззеддин эл-Кассам бригадасына тиесілі нысаналарға әуе шабуылы ұйымдастырды.
Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде «Газа секторында Хамасқа тиесілі бір аймақ Израиль жойғыш ұшақтары тарапынан нысанаға алынды» делінді.
Мәлімдемеде шабуылдың Газадан лақтырылған және Израильдің оңтүстігіндегі Эшкол аймағына құлаған бір зымыранға қарсылық ретінде жасалғаны алға тартылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар