Израиль Газа секторына шабуылдады

Израиль жойғыш ұшақтары Газа секторының әртүрлі аймақтарына әуе шабуылы жасады.

348023
Израиль Газа секторына шабуылдады

Куәгерлерге қарағанда Израиль жойғыш ұшақтары Газаның батысындағы Эс-Суданиййе аймағында Палестина Ішкі істер министрлігіне қарасты теңіз күштеріне тиесілі бір алаңды бомбалады.
Израиль жойғыш ұшақтары сондай-ақ Бейт-Лахийе ауданы мен Газаның оңтүстігіндегі Хамастың әскери қанаты Иззеддин эл-Кассам бригадасына тиесілі әскери жаттықтыру алаңына да шабуылдады.
Шабуылда аймақтағы ғимараттарға үлкен зиян келді.
Израиль жойғыш ұшақтары Газадағы барлау жұмыстарын жалғастыруда.
Израиль армиясының кешегі мәлімдемесінде Газа секторынан лақтырылған бір зымыранның «темір күмбез» әуе қорғаныс жүйесімен құлатылғанын білдірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар