Финляндияда босқындарға шабуыл

Финляндияға барған босқындардың кейбіреулері Стокгольм қаласына кері оралды.

392259
Финляндияда босқындарға шабуыл

Лахти қаласында 30-40 шақты ереуілші қолдарында ұстаған Финляндия байрақтарымен босқындар мінген автобусқа шабуылдады.
Ішінде кішкентай балалар да бар босқындарды олар үшін құрылған орталыққа апарған автобусқа тас лақтырған ереуілшілер шетел дұшпандығын асқындырған ұрандар тастады.
Полиция ереуілшілердің автобусқа зиян келтірілуіне рұқсат етпеді.
Кувола қаласында болса бір босқын орталығына жарылғыш тасталды. Финляндия үкіметі протесттерді айыптады.
Босқындардың көпшілігі Швеция шекарасынан өтуде. Финляндияға ұласқан босқындар саны биыл 13 мыңға ұласты.
Басқа жағынан Финляндияны жақтырмай Швецияға оралғандар да бар.
Финляндияны жақтырмай Стокгольм қаласына оралған ирактық босқындар Финляндияның салқын және ұнамсыз ел екенін айтуда.
Финляндиялық лауазымдылар өткен апта ең кемінде 200 ирактық босқынның ұсыныстарын кері шеккенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар