Әлем мұсылмандары Құрбан айтты мешіттерде қарсы алды

Түркия мен Ресей ортақ салған Мәскеу Орталық мешітінде тұңғыш айт намазы оқылды.

391923
Әлем мұсылмандары Құрбан айтты мешіттерде қарсы алды

Ресей президенті Владимир Путин жариялаған жолдамамен Ресей мұсылмандарының Құрбан айтын құттықтады.
Иерусалимдегі мұсылмандар болса айт намазы үшін Акса Мешітіне барды.
Азанғы уақытта Иерусалимнің символы ретінде Акса мешітіне бару үшін үйінен шыққан палестиналықтар жолда ұзын кезекке тұрды.
Израиль қоршауындағы Газа секторында болса айт намазының артынан халық құрбан шалуға кірісті.
Ауғанстанда халық айт намазы үшін мешіттерді толтырды.
Сомалидің бас қаласы Могадишода айт намазы ауқымды қауіпсіздік шараларымен оқылды.
Иранда Құрбан айт тағы намаздың оқылуымен басталды.
Тегеран Университеті қалашығындағы оқылған айт намазын Мамандар Мәжілісі делегациясы мүшесі Айетуллах Сеййид Ахмед Хатеми басқарды.
Қырым Автономиялық Республикасында болса бұрынғы Кебир мешітіне жиналған Қырым татарлары айт намазын оқып бір-бірін айттады.
Босния-Герцеговина, Сербия, Черногория, Косово, Македония, Албания және Хорватиядағы мұсылмандар болса айт қуанышына бөленді.
Суданның Әл-Фашир қаласында жәрдем мекемелерінің қатысуымен Құрбан бауырластығы жиналысы өткізілді.
Жиналыста Түркиядан Жансуйу Жәрдем қоғамы атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат бөлісті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар