Еуропадағы босқын дағдарысы жалғасуда

Франция ары кетсе 30 мың босқын қабылдай алатынын жариялады.

353744
Еуропадағы босқын дағдарысы жалғасуда

Франция премьер-министрі Мануэль Валлс «Сириядағы диктаторлықтан қашқан баршаны Еуропада қонақ ете алмаспыз» деді.
Францияда бір телеарнаға сұхбат берген Валлс 2 жылдың ішінде 30 мыңнан астам босқынды қабылдай алмайтындарын жариялады.
Валлс Еуропаның сыртқы шекараларын қорғаудың шарт екенін атап айтты.
Басқа жағынан Германия канцлері Ангела Меркель Германия Федералды үкіметінің штаттық әкімшіліктеріне келесі жылдан бастап, әр босқын үшін айына 670 евро жәрдем көрсетілетінін жариялады.
Федералды үкімет әкімшіліктерге сондай-ақ босқындар үшін салынатын әлеуметтік тұрғын үйлер үшін 500 миллион евро мен 18 жастан кішкентай қараусыз босқындар үшін 350 миллион евролық қолдау береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар