Мексика Сыртқы істер министрі Клодия Руиз Каирде

Мысырда қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілген мексикалық туристтер саны 8-ге жетті.

388453
Мексика Сыртқы істер министрі Клодия Руиз Каирде

Мексика Сыртқы істер министрі Клодия Руиз бұл қателіктің жауабын іздеу мақсатты Каирге барды.
Руиз мысырлық лауазымдылардан оқиғамен байланысты дереу тергеу жүргізілуін талап етті.
Оқиғада жарақат алған мексикалық туристтер Мысыр әуе күштеріне тиесілі ұшақ пен тікұшақтарының өздеріне бомба лақтырғанын атап айтты.
Мысырлық лауазымдылардың «туристтер аймаққа рұқсатсыз және хабарлаусыз кірді» деген мәлімдемелеріне қарамастан тур басшылары тиісті мекемелерден рұқсат алғандары жөнінде мәлімдеме жасады.
Қаза тапқан мексикалықтар саны тағы 6 мәйіттің анықталуымен 8-ге жетті. Оқиға кезінде мысырлық 4 адамның да қаза тапқаны білдірілді.
Мысыр Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік күштерінің 4 көліктен тұратын турист тобын ДАИШ мүшесі деп ойлағаны себепті бомбалағанын жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар