Эгей теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Судан 34 келімсектің мейіті табылды.

387350
Эгей теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Заңсыз жолдармен Грекияға өтуге тырысқан келімсектерді тасыған қайық Буламач (Фармакониси) аралы маңында апатқа ұшырады.
Қайықтағы бір келімсектің грек лауазымдыларға телефон шалып жәрдем сұрауымен аймаққа барған іздеу құтқару топтары 4 нәресте, 11 бала барлығы 34 адамның мәйітін тапты. Қаза тапқандар санының артуы мүмкін.
Құтқарылған келімсектер грек баспасөзіне жасаған мәлімдемеде қайықтың моторының бұзылғаны себепті суға кеткенін және қайықта шамамен 190 адам бар екенін атап айтты.
Грек медиасында орын алған жаңалықта іздеу құтқару жұмыстарының аймақта қатты соққан желдің салдарынан қиыншылықпен жүргізілгені атап көрсетілді. Қазірге дейін 68 шақты келімсектің құтқарылғаны, 30 адамның да суда жүзіп Буламач аралына ұласқаны атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар