Бала босқын саны артты

ЮНИСЕФ Еуропа елдеріне шақыру тастады.

343096
Бала босқын саны артты

Биыл Еуропаны паналауға тырысқан бала саны 100 мыңнан асты.


ЮНИСЕФ Еуропа елдеріне биыл жетуге тырысқан бала санының 106 мыңға жеткенін білдіріп, Еуропа Одағы елдерін жауапкершіліктерін атқаруға шақырды.


ЮНИСЕФ-тің хабарламасында биыл Еуропа елдерінде пана іздегендердің шамамен төрттен бірінің балалардан тұратыны, жылдың алғашқы жартысында баспана сұраған босқындар арасындағы бала санының өткен жылмен салыстырғанда 75 пайыз артқаны атап көрсетілді.


«Еуропаның он мыңдаған балаға қыс түспестен бұрын қорғау және күтім қызметтерін қамдауы үшін аз уақыты бар» деп айтылды.


Еуропадағы бала босқындардың көбі жеткіліксіз шарттарда тұрып жатыр.


ЮНИСЕФ Еуропа көлемінде босқын орталықтарының санының арттырылуын да сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар