Тяньанмэнь алаңында әскери шеру

Қытай Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығын тойлады.

373596
Тяньанмэнь алаңында әскери шеру

Бейжіңдегі қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күрестегі жеңісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты әскери парад рәсім ұйымдастырды.
Парадқа Қытай армиясынан 12 мың әскермен қатар 17 шетелдік әскерилер қатысты. Олар Беларусь, Куба, Египет, Қазақстан, Қырғызстан, Мексика, Моңғолия, Пәкістан, Сербия, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Камбоджа, Фиджа, Лаос, Вануату, Венесуэла елдерінен.
Әскери рәсімге 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.
Шеруді Тяньанмэнь алаңындағы мінбеден Жоғары Бас қолбасшы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бақылады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрметті қарауыл ротасының 76 әскери қызметшісі әлемдегі ең ірі Тяньанмэнь алаңында 10 қатарда сап түзеді,
30-дан астам келісім нысанасымен Қытайда болған Ресей Президенті Владимир Путин де шешуді мінбеден тамашалады.
Қытай төрағасы Ши Жинпинь парад алаңына келген лидерлер мен өкілдерді қарсы алды.
Ши Жинпинь рәсімнен бұрын жасаған баяндамасында бейбітшілік өркендеу саясатын ұстанатынын түсіндіріп, армиядағы әскер сананың 850 мыңнан 30 мыңға азайтатынын хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар