Меркель Түркияға қолдау көрсететінін айтты

Меркель «Түркия босқындар үшін көптеген жұмыс істеді» деді.

372623
Меркель Түркияға қолдау көрсететінін айтты

Германия премьер-министрі Ангела Меркель босқындар жөнінде Түркияның жүгінің ауыр екенін түсіндіріп, осы жүктің жеңілдетілуі керектігін айтты.
Тілшілердің Еуропаға жаңа босқын толқынымен байланысты сұрақтарына жауап берген Меркель Түркияның екі миллион босқынға үй иелігін жасағанын еске салды.
Премьер-министр Меркель «Түркия босқындар үшін көптеген жұмыс істеді» деді.
Сирия және Солтүстік Ирактан келгендер баста болып көптеген босқынның Грекияға Түркия арқылы өткенін білдірген Меркель «Түркия арқылы Грекияға өткен босқындардан Түркия енді жалғыз өзі осы мәселені шеше алмайтынын аңғардық. Сондықтан жәрдемдер турады ақылдасуымыз керек. Түркияның бұрынғы жылдарда істеген жұмыстарына құрмет көрсетуіміз керек» деді.
Меркель сонымен қатар Түркияның террор ұйымы ДАИШ-пен күресуге белсенді қатысатынын да атап өтті.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар