ДАИШ Палмирада тарихи храмды қиратты

Бел храмы Рим Империясы кезінде біздің дәуірімізден кейінгі 32 жылы салынған.

374506
ДАИШ Палмирада тарихи храмды қиратты

Террор ұйымы ДАИШ Сириядағы Палмира ежелгі қаласындағы Бел храмының көбісін қиратты.


Жергілікті хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда ДАИШ содырлары храмның ішіне орналастырылған жарылғыштарды жарды. Жарылыстың әсерімен храмның көбі құлады.


Таяу Шығыстағы ең ежелгі діни мекендердің бірі Бел храмыРим Империясы кезінде біздің дәуірімізден кейінгі 32 жылы салынған.


ДАИШ бір апта бұрын Палмирадағы тарихи Баалшамин храмын жарып, одан бұрын да Мар Элиан монастырын құлатқан болатын.


«Шөлдегі келін» деп те аталған Палмира ЮНЕСКО тарапынан 1980 жылы Әлем мұрасы тізіміне алынған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар