Әл Кайда Талибанға бағынды

Айман әл Зевахири Ауғанстандағы террор ұйымы Талибанның жаңа басшысы Молла Актар Мансурға тәуелділігін жариялады.

326725
Әл Кайда Талибанға бағынды

Әл Кайданың басшысы Айман әл Зевахири Ауғанстандағы террор ұйымы Талибанның жаңа басшысы Молла Актар Мансурға тәуелділігін жариялады.


Зевахири әлеуметтік желі арқылы өз даусын жариялап, Талибанның жаңа басшысына бағынатынын білдірді.


Бұдан бұрын Усаме бин Ладин өлтірілгеннен кейін Молла Өмерге тәуелділігін жариялаған Зевахири «Бин Ладин мен Молла Өмердің жолын жалғастыратынын» айтып еді.


Айман әл Зевахиридің де өткен ай өлтірілгені хабарланған Молла Өмер секілді қаза тапқаны алға тартылған болатын.


Жақында Ауғанстан үкіметі Талибанның Бин Ладиннен кейінгі басшысы Молла Мұхаммед Өмердің 2-3 жыл бұрын өлтірілгенін хабарлап, Талибан да жаңа басшыларының Молла Актар Мансур екенін жариялаған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар