22 миллион тонна азық қоқысқа тасталады

Мамандар зерттеу жүргізіп, Еуропаның алты елінде 22 миллион тонна азықтың қоқыс болғанын анықтады.

324637
22 миллион тонна азық қоқысқа тасталады

Еуропада жылына 22 миллион тонна азық қоқысқа тасталады. 


Еуропа комиссиясы міндеттендірген мамандар зерттеу жүргізіп, Еуропаның алты елінде 22 миллион тонна азықтың қоқыс болғанын анықтады.


Мамандар Ұлыбритания, Голландия, Дания, Финляндия, Германия және Румынияда азық-түлік ысырабын қолға алды.


Зерттеудің нәтижесіне қарағанда ең көп ысырап Ұлыбританияда, Румыния болса тамақты қоқысқа аз тастайтын ел болды.


Қоқысқа тасталатын азықтардың басында жемістер келеді. Артынан көкөніс, дәнді дақыл өнімдері мен ет келеді.


Қорытындыға қарағанда ысыраптың 80 пайызының алдын алуға болады екен. 22 миллион тонна ысырап жыл сайын 57 текше километр су шығынына дөп келеді екен.


Зерттеу қорытындысы «Environmental Research Letters» журналында жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар