Сирияда бомбалы шабуыл

Иран сыртқы істер министрі Дамаскіге барады.

324352
Сирияда бомбалы шабуыл

Сирияда әкімшілік күштерінің шабуылында 31 адам қаза тапты.


Дамаскіге жақын Дараяда көптеген үй мен кәсіпорында өрт шықты.


Дарая Медиа орталығы мен Азаматтық қорғаныс топтары әкімшілік күштерінің напалм бомбасы қолданғанын алға тартты.


Оппозицияның зымыран шабуылында болса бір адам қаза тапты, 20 адам жараланды.


Осы арада Иран сыртқы істер министрі Джевад Зариф ресми сапармен Дамаскіге барады.


Зариф Тегеран әкімшілігі дайындаған Сириядағы дағдарысты доғаруды мақсат еткен «Бейбітшілік жоспары» жөнінде пікір алмасады.


Иранның жаңа жоспарында төрт тақырып бар.


Дағдарыстың тоқтауы үшін Иран алдымен атысты тоқтату бітімін ұсынады. Жоспар келесі сатыда ұлттық бірлік үкіметі құрылуын, азшыл халықтың қорғалуын және сайлау өткізілуін көздейді.


Сирия сыртқы істер министрі Уәлид Муаллим мен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов осы аптаның басында Тегеранда кездескен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар