Еуропадағы келімсектер саны 750% артты

БҰҰ-ға қарағанда жаңа жылдан бері Еуропаға өткен заңсыз мигрант саны 250 мыңға ұласты.

324361
Еуропадағы келімсектер саны 750% артты

БҰҰ мағлұматтарына қарағанда жаңа жылдан бері Еуропаға өткен заңсыз мигранттар саны 750 пайыз артып, 250 мыңға ұласты.
Ең соңғысы Грекияның Истанкөй аралына 40 сириялық барлығы 150 мигрант барды.
Осылайша жаңа жылдың алғашқы 7 айында Грекияға келген келімсектер саны 124 мыңнан асты.
Шілде айының басында 50 мың болып тіркелген келімсектер саны қысқа уақыттағы осы жылдам артумен Грекияда уайымдарды арттырды.
Еуропа құрлығында көш толқынынан ең көп әсерленген екінші мемлекет Италия да қазірге дейін теңіз арқылы келген келімсектер саны 90 мыңнан асты.
Аптаның соңында нашар қайықтармен Жерорта теңізінен асуға тырысқан келімсектер Еуроодаққа қарасты теңіз күзету топтары тарапынан құтқарылды.
Араларында көптеген әйел мен бала да бар келімсектерді құтқару операциясының артынан Италияның Сицилия аралына әкелінді.
БҰҰ-ның мағлұматтарына қарағанда 2015 жылдың басынан бері 2 мың 300 келімсек Жерорта теңізінде көз жұмды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар