Жерорта теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Ливиядан Италияға қарай бет алған бір балықшы қайығындағы 600 адамнан 400-і құтқарылды.

317265
Жерорта теңізінде келімсектер мінген қайық суға кетті

Ливиядан Италияға қарай бет алған бір балықшы қайығы ішіндегі жүздеген келімсекпен бірге суға кетті.
600 келімсек бар екені болжалған қайықтың жәрдеміне италян теңіз күзету топтары жіберілді.
Италияндық лауазымдылар оқиға болған аймаққа екі кеме жолдады.
Құтқарылу үмітімен кемелерге үйілген келімсектер қайықтың суға кетуіне себеп болды.
Қайықтағы жүздеген адамның теңіздің толқындары арасында жоғалғаны білдірілді.
Жұмыстарға іздеу құтқару мақсатты Жерорта теңізіндегі Ирландия фрегатына тиесілі бір кеме қатысты.
Түнімен жалғасқан жұмыстар аясында 400 келімсек құтқарылды, 25 адамның мәйіті табылды.
Халықаралық миграция ұйымы мағлұматтарына қарағанда биыл 2 мыңнан астам адам үшіт жолаушылығында қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар