ДАИШ Йеменде шабуылдарын арттырды

Соңғы шабуылда 9 адам қаза тапты.

307698
ДАИШ Йеменде шабуылдарын арттырды

Террор ұйымы ДАИШ-тің Йеменде бір шиіт мешітіне ұйымдастырған бомба орналастырған көлікпен жасаған шабуылында қаза тапқандар саны артуда.
Соңғы мағлұматтарға қарағанда шабуылда қаза тапқандар саны 9-ға жетті, 6 адам жарақат алды.
Шабуыл кеше астана Сананың батысындағы Эл-Харази мешіті алдында жасалған болатын.
Бомба орналастырылған көлік мешіт жамағаты тарқаған соң жарылған еді.
Жарылыстың күшінен көптеген үй мен көлікке зиян келді.
Йеменде күшін арттырғысы келген ДАИШ шиіттерге бағытталған бомбалы шабуылдарын жиі жасайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар