Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасы АҚШ-ты қанағаттандырмай жатыр

«Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасына қазірге дейін тек қана 60 адам қатысты».

337099
Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасы АҚШ-ты қанағаттандырмай жатыр

Вашингтон әкімшілігі үлкен үміт артқан "Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасына" қанағаттанбай жатыр.
Түркия, Иордания, Катар және Сауд Арабиясында жыл сайын шамамен 5 мың оппозиционерді жаттықтыруды нысанаға алған ‘Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасы’ айлық 400 доллар айлық бергеніне қарамастан нәтиже берген жоқ. АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер Сенаттың Қарулы қызметтер комитетінде жүзеге асқан ДАИШ-пен күрес стратегиясы тақырыпты отырыста сириялық оппозиционерлерге бағытталған «Жаттықтыру-жабдықтау бағдарламасына» қазірге дейін тек қана 60 адамның қатысқанын атап айтты.
Жаттықтырған оппозиционер санының болжамдардан әлде қайда төмен екенін айтқан Картер одан көп адамның оқу-жаттығу құрамына қосылуы үшін тексеру кезеңін жеңілдетудің жолдарын қарастырғандарын атап көрсетті.
АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің оқу-жаттығу кезеңіне қосылатын оппозиционерлерді егжей-тегжейіне дейін тінтуі кезеңге болымсыз әсерін тигізуде.
Бағдарламаның нысанасы бағытында жалғастырыла алмауы да сынға алынған тақырыптардың бірі.
Республикашыл партия сенаторы Джон МакКэйн сириялық оппозиционерлерді жаттықтыратын бағдарламаның Сирияда армандаған деңгейде нәтиже бермейтінін алға тартты. Мак Кэйн Асад режиміне одан көп санкция жасау керектігін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар