Иракта 83 ДАИШ мүшесі өлтірілді

Ирак пен Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күрес жалғасуда.

337537
Иракта 83 ДАИШ мүшесі өлтірілді

Ирактың Энбар қаласында шыққан қақтығыстар мен АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің ДАИШ нысаналарына жасаған әуе шабуылдарында 83 ұйым мүшесінің өлтірілгені білдірілді.
Коалицияға тиесілі жойғыш ұшақтар Рамади, Тикрит және Дияладағы ДАИШ нысаналарына әуе шабуылы ұйымдастырды.
100 бөлек аймаққа жасалған бомбалауда 61 ДАИШ мүшесі қаза тапты, ондаған террорист жарақат алды.
Энбарда ДАИШ қорғандарына бағытталған операцияда болса 22 ұйым мүшесі өлтірілді.
Сирия армиясына тиесілі бір тікұшақ Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы Ма-ади аймағына баррель бомбасымен шабуылдады.
Ауызашар уақытында жасалған шабуылда 8 адам қаза тапты, 7 адам жарақат алды. Шабуылда 10-нан астам адамның үйінділер астында қалғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар