Газада Израильге қарсы наразылық шеруі өтті

Газалықтар Израиль тергеуге алған 10 палестиналық үшін шеруге шықты.

337353
Газада Израильге қарсы наразылық шеруі өтті

Израиль әскерлерінің Батыс Шерияның Наблус, Рамаллах, Бейт Лахим қалаларында 10 палестиналықты тергеуге алуы Хамас Қозғалысы жақтастары тарапынан Газада протест етілді.
Ереуілшілер Израильдің заңсыз тергеуге алуына наразылық көрсетті.
Батыс Шерияның Джибалийе қаласында да Хамас Қозғалысы жақтастары мүшелерінің қамауға алынуына наразылық көрсетті.
Израиль әскерлері Батыс Шерияда әртүрлі сылтаулармен жиі басқындар ұйымдастырып, палестиналықтарды тергеуге алады.
Палестина Азаттық ұйымы келіссөздер басқармасы жариялаған соңғы рапортқа қарағанда Израиль түрмелерінде 6 мыңнан астам палестиналық бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар