Пәкістанда аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 450-ге жетті

Пәкістанның орталық және оңтүстік аймақтарындағы кейбір қалаларда температура 47 С°-дан асты.

315375
Пәкістанда аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 450-ге жетті

Елдің оңтүстігінде Карачи қаласында тек қана соңғы 3 күннің ішінде ыстық ауа толқынынан қаза тапқандар саны 200-ден асты. Карачи ауруханаларында орын табылмайды. Ыстық ауа толқыны салдарынан науқастанғандар басқа ауруханаларға жіберіледі.
Карачиге қоса Синд уәлаятының Бадин, Тхарпаркар, Суккур аймақтары мен Пенджаб уәлаятының Лахор қаласында да ондаған адам науқастанып, ауруханаларға жеткізілді.
Карачи Университеті де жер апшысын қуырған қапырық себепті емтихан күндері 1 ай кейінге қалдырылды.
Синд уәлаяты премьер-министрі Сеййид Каййум Али Шах үйлерге электрді одан көп беру үшін қаладағы барлық дүкендер мен сауда орталықтарының тұтынуды арттырмауы үшін сағат 21-00 де жабылатынын жариялады.
Пәкістан Метеорология кеңсесі ыстық ауаның ел көлемінде 24 маусым кешіне дейін күшін жалғастыратынын білдірді.
Пәкістанның көршісі Үндістанда өткен ай қатты ысынудың салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар