Ресей ядролық қару қорына құрлықаралық 40 жаңа зымыран қосады

Путин экономикалық дағдарысқа қарамастан армияны жабдықтау жұмыстарының жалғастырылатынын білдірді.

307257
Ресей ядролық қару қорына құрлықаралық 40 жаңа зымыран қосады

Ресей АҚШ-тың ауыр қаруларын Шығыс Еуропаға жылжыту жоспарына наразылық ретінде биыл ядролық қару қорына құрлықаралық 40 жаңа зымыран қосатынын жариялады.
Ресей президенті Владимир Путин елдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан армияны замандас қарулармен жабдықтау жұмыстарының жалғасатынын білдірді.
Ресей қорғаныс министрлігі НАТО-ны жаңа бір қарулану жарысына итермелеумен айыптады.
Мәскеу маңында қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысқан Путин жаңа құрлық аралық зымырандардың әр қорғаныс жүйесінен асатын күшке ие екенін атап көрсетті.
Вашингтон алдынғы күні НАТО-дағы ауыр қаруларын Еуропа елдерінде сақтайтынын жариялаған болатын.
Ресей Қорғаныс министрлігі кеңесшісі болса көрмеде жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Ресейді жаңа бір қарулану жарысына тартуға тырысқанын алға тартты.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса Ресейдің құрлық аралық зымыран санын арттыруының Мәскеу жайлы көзқарастарын растағанын атап көрсетті.
Столтенберг НАТО-ның қорғаныс уайымы және халықаралық келісімдер аясында қозғалғанын, Ресейдің бұл тартыста ядролық бастамасының уайымдарды арттырғанын атап айтты.
Мәскеуге қарағанда Ресей мен НАТО арасында 1997 жылы жасалған келісім НАТО-ның бұрынғы Кеңес блогындағы елдерде тұрақты әскери күш қоныстандырмауын қамтитын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар