Грузиядағы су тасқыны жалғасуда

Грузиядағы сел апатында 12 адам мерт болды

303916
Грузиядағы су тасқыны жалғасуда

Грузиядағы сел апатында мерт болғандардың саны 12-ге көбейді. Сондай-ақ 20-сы із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 37 тұрғын дәрігерлер бақылауында. Сонымен қатар табиғи апаттан 40 отбасы үй-күйсіз қалды. Жергілікті билік бір жағынан су тасқынымен алпарысса, енді бір жағынан Тбилиси айуанаттар бақшасынан қашқан қауіпті айуандарды ұстауға тырысуда.
Тбилисиде соңғы жылдардың ең жойқын сел апатында жүздеген үй су астында қалды және құлады. Көліктер жүре алмай тоқтауда. Жолдар мен көпірлер зақым көрсе, Тбилисидің көптеген аймақтары электрсіз қалуда. Аймақ ауызсумен қамтамасыз етіл алмауда.
Жергілікті билік қаза тапқандардың жанұяларына 4,5 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Алдын ала болжам бойынша, тасқыннан келген шығын 18 миллион АҚШ долларынан асқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар